Қарағанды облысында 14 жаңа кәсіпорын ашылады

Баспасөз қызметі Баспасөз қызметі
Олар тағы 2 600 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.

Қарағанды облысында 2021 жылы 2 600 жұмыс орнын құрумен 14 жаңа өндірісті іске қосу көзделіп отыр. Инвестиция көлемі 700 млрд теңгеден асады деп жоспарланған, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбек онлайн-режимде өткен халықпен есептік кездесуінде айтты.

Біз алдымызға барынша көп инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын құру міндетін қойып отырмыз. 2020 жылы 678,3 млрд теңге тартылды, оның ішінде жеке қаражаттың үлесі - 81,6%. 11 жаңа инвестициялық жобаның іске қосылуы 2 500-ден астам жаңа жұмыс орнының құрылуын қамтамасыз етті, - деді облыс әкімі. - 2021 жылы кемінде 715 млрд теңге инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз, оның 80%-дан астамы – жеке меншік. 282,2 млрд теңгеге 14 жаңа өндіріс ашылады деп күтілуде, олар тағы 2 600 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.

Жақын арада келесідей жобалар іске қосылады деп жоспарлануда: көктемде Жәйремдегі байыту фабрикасы, ферроқорытпа зауыты және Qaz Carbon агломерациялық фабрикасы. 15 жыл тұрып қалғаннан кейін Сарандағы бұрынғы РТБ зауыты екінші тыныс алуда. Оның алаңында қытайлық Yutong компаниясының қатысуымен автобустар мен арнайы техника шығаратын кәсіпорын іске қосылды және жақын арада шағын торапты құрастыру іске қосылатын болады. Сондай-ақ, биыл ресейлік "Татнефть"» компаниясының қатысуымен шина шығаратын зауыттың құрылысы басталады.

Жұмыс орындарының қысқаруына жол бермеу үшін біз алдымызға барынша көп инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын құру міндетін қойып отырмыз, - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз