Қаралы жұрт Нұртілеу Иманғалиұлын ақтық сапарға шығарып салды

19 Ақпан 2021, 16:29
Сурет: Хабар

19 ақпанда Алаш жұрты ардагер журналист Нұртілеу Иманғалиұлын ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды zakon.kz Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық журналистиканың дамуына сүбелі үлес қосқан азамат 70 жасқа қараған шағында өмірден озған еді. Журналистиканың қара нарындай дара тұлғаның қазасы көрермен қауымның, қазақ жұртының қабырғасын қайыстырып кетті.

"Саналы ғұмырының үлкен бөлігін қазақ тележурналистикасына арнаған қазақтың ардақты перзенті, біздің қадірлі, қастерлі, қадірменді досымыз Н.Иманғалиұлынан айырылып отырмыз. Бұл қазақ тележурналистикасы үшін өте үлкен қаза", – деді журналист Иманғалиұлының досы Марат Тоқашбаев.

"Нұртілеу ағамыз көп жылдар осы телевидениеде көптеген шәкірттер тәрбиелеп, артында өсіп келе жатқан іні-қарындастарына ақылын айтып, ақылшы болып жүрген үлкен ағаларымыздың бірі еді. Енді артының қайырын берсін дейміз. Барлық әріптестерімізге, марқұмның ағайын-туыстарына қаза қайырлы болсын дейміз", – деді журналист, марқұмның шәкірті Досымбек Өтеғалиев.

Тумысынан елгезек, өр мінезімен дара болған Нұртілеу Иманғалиұлы қазақ телевизиясындағы 45 жылында тұтас мектеп қалыптастырып кетті. Оның қолтаңбасымен қалған 20-ға жуық бағдарлама отандық журналистиканың қорына енген бағалы туындылар.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?