Instagram-да алаяқтар жүргізуші куәлігін сатып жүр

24 Ақпан 2021, 13:33
Сурет: stopfake.kz

Instagram әлеуметтік желісінде жүргізуші куәлігін сатып алуды ұсынатын "кәсіпкер-сымақтардың" жарнамасы төбе көрсете бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

stopfake.kz мәліметінше, жарнама авторлары бұл заңды және жүргізуші куәлігінен ресми түрде айырылған адамдар да оны сатып ала алатынын айтады.

Қазақстанда жүргізуші куәлігін сатып алудың заңды болуы мүмкін емес. ҚР Қылмыстық кодексінің 383-бабына сәйкес, ресми құжаттарды сатып алу немесе сату үшін 120 АЕК (2021 жылы 350 040 теңге – авт.) дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе 30 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қарастырылған.

Жүргізуші куәлігін заңды түрде автокөлік жүргізу ережелері мен техникасын үйреніп, теориялық және практикалық бөлімдерден тұратын емтихан тапсыру арқылы алуға болады. Содан кейін мамандандырылған ХҚКО-ға құжаттар пакетін тапсыру және 1,25 АЕК (3,646 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баж төлеу қажет.

Алайда, алаяқтар көлік жүргізу емтиханын оқығысы келмейтін адамдардың арқасында "ақша табу" мүмкіндігін пайдаланып қалмақ. Үстіміздегі жылдың тамыз айында біз Telegram мессенджерінде 60 000 теңгеге жүргізуші куәлігін дайындау туралы ұсыныстар болғаны жайлы жазған болатынбыз.

Қазіргі жарнама ескі жарнамаларға қатты ұқсайды. Қазақстандықтарға 2-3 күн ішінде "заңды" құжаттар беріледі екен. Тек бұл жолы ұсынысты қабылдаған клиенттердің оң пікірлері жоқ. (Біз анықтағандай, олар жалған болған). Аалаяқтардың жалған құжаттарға еш қатысы бомлауы да мүмкін, олар әлеуетті сатып алушылардан "алдын ала төлем" алғаннан кейін олардың номерлерін бұғаттап, қарым-қатынасты тоқтатады. Ал құжат дайын болған жағдайда, клиент 60 000 теңгеден артық шығынға батуы мүмкін. ҚР ҚК 385-бабына сәйкес, көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін 160 АЕК (466 720 теңге) дейін айыппұл салу немесе 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу жазасы қарастырылған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?