Нұр-Сұлтанда удай мас екеу банк тонамақ болған

26 Ақпан 2021, 11:35
Сурет: видеодан алынды

Нұр-Сұлтанда екі мас адам тонамақ болып, банктің әйнек есігін сындырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Түнгі сағат 02.30-да алкогольдік мас күйіндегі екі ер адам әйнек есікті сындырып, банк ғимаратына кірген. Дабыл белгісі қосылғандықтан, қаскүнемдер оны тонай алмай қалды. Күзет мекемесінің қызметкерлері қылмыс болған жерге дереу жетті, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық ПД.

Ізін суытпай, 21 және 23 жастағы екі күдікті қамауға алынды. Белгілі болғандай, жастар кафеде ішімдікке әбден сылқия тойып алған соң тез баюдың жолын жүзеге асыруға бел буады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?