ШҚО-ның Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады

26 Ақпан 2021, 13:44
Сурет: altaynews.kz

2020 жылы 37,5 млрд. теңгеге 5 жоба іске қосылды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов халық алдында онлайн-есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның ішінде барынша маңыздысы жылына 200 тонна уран өнімділігімен АЭС арналған жылу бөлетін құрамалар шығаратын зауыттың құрылысы болды.

Шығыс Қазақстанда 2021 жылы 3 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін, құны 498 млрд. теңгеге Картаның 14 инвестициялық жобасын іске асыру жоспарланып отыр. 700 жұмыс орнын ашатын "KAZ MineralsAktogay" ЖШС-нің Ақтоғай КБК өндіріс қуатын кеңейту жобасы іске асырылу сатысында. Жобаны 2021 жылы пайдалануға беру көзделіп отыр, - дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың онлайн-есеептік кездесуінде.

Сонымен қатар, ресурстық базаны дамыту мақсатында "Қазақмыс" корпорациясы «кейіннен өндіріс қуатын 50,0 млн. тонна кенге дейін арттыра отырып, "Айдарлы" мыс кен орнын өнеркәсіптік игерумен айналысатын тау-кен байыту комбинатын салу" жобасын іске асыруды бастады.

Одан бөлек, аймақ басшысы Тарбағатай ауданында қуаттылығы жылына 25 млн. тоннаға дейін кен өндіретін кен байыту комбинаты салынатынын айтты.

Тарбағатай ауданындағы Қызылқайың кен учаскесінде кен байыту комбинатын салу жоспарланған, - дейді аймақ басшысы.

Айта кетейік, ШҚО-да экспортқа бағдарланған өндірістерді құру үшін 2025 жылға дейінгі кәсіпкерлікті қолдау картасына 667,5 млрд. теңге инвестиция салынды. Сондай-ақ, 11,3 мың жаңа жұмыс орындарын құруды көздейтін 38 жоба енгізілді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?