Жаңалықтар тізбегі
0

Тоғыз өңірде 39 жаңа су қоймасы салынады

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2020 22:05 Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстанда 39 жаңа су қоймасын салу жоспарланған.

Қазақстанның тоғыз өңірінде 39 жаңа су қоймасын салу жоспарланған. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев "Қазақстанның су қауіпсіздігі: қазіргі заманғы сын-қатерлер мен оларды шешу перспективалары" тақырыбындағы Сенаттағы үкіметтік сағатта мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

"9 өңірде жалпы көлемі жылына 3,6 млрд. м3 болатын 39 жаңа су қоймасын салу жоспарланған. Оларды жүзеге асыру үшін 115 млрд.теңге қажет", - деді М. Мырзағалиев Үкімет сағатында.

31 су қоймасы іске асырылу сатысында, оның ішінде: 1-уінде құрылыс жүргізілуде (Кеңсай-Қосқорған), 28-і бойынша ТЭН әзірленуде, 3-уінде ЖСҚ әзірленуде (Қараөзек, Күміскеткен, Бузулук).

Су қоймаларын салу 70 елді мекен үшін су тасқыны құбылыстарының қаупін азайтуға; жаңа суармалы жерлерді – 394 мың га айналымға енгізуге; ауыл шаруашылығында 129 мыңнан астам жұмыс орнын құруға; трансшекаралық өзендердің су көлеміне тәуелділіктен арылуға мүмкіндік береді: 30%-ға дейін – Қырғызстаннан, 25%-ға дейін – Өзбекстаннан, 15%-ға дейін – Ресейден.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: