Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда 57 жаңа су қоймасы салынады: қашан және қаражат қайдан алынады

Су қоймасы, Ерболат Ибрайханов, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2024 17:57 Сурет: freepik
2030 жылға дейін Қазақстанда 57 жаңа су қоймасын салынады. Бұл туралы 28 мамырда ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәжілісте баяндама жасаған вице-министр соңғы 30 жылда республика аумағында тек бес су шаруашылығы құрылымы салынғанын, оның ішінде тек екі жобаның, яғни Түркістан облысындағы Көксарай су реттегіші мен Астанадағы қорғаныс бөгеті ерекше маңызға ие болғанын атап өтті.

"Бүгін көріп отырғанымыздай, су шаруашылығы құрылымдарын салу мен қайта жаңғырту қалдық қағидаты бойынша қаржыландырылып, назардан тыс қалып келген. Біздің есептеулеріміз бойынша, еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолда бар нысандарды қалыпты ұстау үшін жыл сайын шамамен 350-370 млрд теңге қаражат қажет болады", - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Оның айтуынша, биыл министрлік жаңа су қоймаларының бір бөлігін салуға кіріседі, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған арналарды қайта жаңғыртуды жоспарлап отыр. Осы мақсатқа 111 млрд теңге бөлінді. Осындай жобалардың бірі - құны 15,9 млрд теңге болатын "Бәйдібек ата" су қоймасының құрылысы.

"Бұған дейін министрлік облыстардың әрбір әкімдігімен су қоймаларын салу және қайта жаңғырту жұмыстары бойынша бірқатар кідіріссіз шараларды көздейтін 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарға қол қойып, бекітті. Бұл жоспар 57 жаңа су қоймасын, 133 гидротехникалық құрылымды салуды, ұзындығы 7,7 мың шақырымнан астам ирригациялық жүйелерді және ұзындығы 1200 шақырым топтық су құбырларын қайта жаңғыртуды, сондай-ақ 3628 тік дренаждық ұңғымаларды бұрғылауды көздейді", - деп нақтылады Ерболат Ибрайханов.

Сәуір айының соңында Эр-Риядтағы келіссөздер барысында республикалық бюджеттің шектеулі екенін ескере отырып, Үкімет Ислам даму банкімен су шаруашылығы объектілерін салу жөніндегі инфрақұрылымдық жобаларға 2 млрд доллар мөлшерінде қарыз бөлу туралы уағдаласты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: