ШҚО-дағы тау-кен байыту кешенінде өрт болды
Сурет: видеодан алынды
17 наурызда Шығыс Қазақстан облысында Алтай ауданында тау-кен байыту кешенінде өрт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 наурызда Алтай қаласында тау-кен байыту кешенінің территориясында жеке орналасқан екіқабатты цехтың шатыры өртенді.
"Оқиға орнында ШҚО ТЖД жеке құрамының 18 адамы мен 5 техникасы, сондай-ақ Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің 10 адамы мен 2 техникасы жұмыс істеді. Қазіргі уақытта өрт оқшауланды, қызыл жалын жалмаған ауданның алдын-ала көлемі 260 шаршы метрді құрайды".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Айта кетсек, 17 наурызда Алматы облысында майлық шығаратын цехта өрт болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript