Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев ШҚО-дағы Ақтоғай кен байыту кешеніне барды

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2021 22:48 Ақорда
Олег Новачук сөз сөйлеп, Қазақстан Президентіне жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев "KAZ Minerals Aktogay" ЖШС-не қарасты Ақтоғай кен байыту кешеніне барып, ондағы екінші кен байыту фабрикасын пайдалануға беру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент кешенді аралап көру барысында "KAZ Minerals Aktogay" компаниясы жұмысының негізгі көрсеткіштерімен танысып, кен өндіру процесін көрді. Содан кейін Мемлекет басшысы жаңа сульфид фабрикасының жұмысын бастауға ресми түрде рұқсат берді және кәсіпорын қызметкерлерінің алдында сөз сөйледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды кен байыту фабрикасының іске қосылуымен құттықтап, ұлттық индустрияны дамытуға тың серпін беретін жобаның стратегиялық маңызы бар екенін айтты.

– Мен Жолдауымда былтыр индустрияландырудың 10 жылдығында өңдеу өнеркәсібінің экономиканы дамытуға қосқан үлесі алғаш рет тау-кен өнеркәсібінің үлесінен асып түсіп, 13 пайызға жеткенін айтқан едім. Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны сақталып, шамамен 6 пайызға жетіп отыр. Индустрияландыру картасы аясында 12 мың жаңа жұмыс орны ашылып, 120-дан астам жаңа өндіріс іске қосылды. Жыл соңына дейін "Өнеркәсіп саясаты туралы" Заң қабылданады. Жалпы біздің міндетіміз – 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есе, ал еңбек өнімділігін 30 пайызға арттыру. Ол үшін бізге Индустрия 4.0 элементтері бар әрі өнімдерін экспорттайтын заманауи кәсіпорындар қажет. Жаңа кен байыту фабрикасы осындай талаптарға сай келеді, – деді Президент.

Сонымен қатар Президент өз сөзінде кәсіпорын қызметкерлерінің ел экономикасын дамытуға зор үлес қосып отырғанын атап өтті. Мемлекет басшысы жаңа фабриканы іске қосудың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тиімді тұстарын айтты.

– Өңделген өнімнің экспорты артады. 700 жаңа жұмыс орны ашылып, салықтан бюджетке қосымша 80 миллион доллар кіріс кіреді. Комбинат Шығыс Қазақстан облысындағы жаңа әлеуметтік нысандардың құрылысына, білім беру және емдеу мекемелерінің жабдықталуын жақсартуға белсенді атсалысады. Бұл – бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің лайықты үлгісі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы кәсіпорынның бірегейлігін атап өтіп, кешен басшылығының әлеуметтік жауапкершілігін жоғары бағалады.

– Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың күш-жігерінің арқасында елімізде индустрия саласында осындай ірі нысандар бой көтеруде. Мұндай нысандар өнеркәсіптің мәнін түсінетін әлемдік және индустриялық қоғамдастықтардың жіті назарында. Бұл – бизнестің әлеуметтік жауапкершілікті сезінуінің айқын дәлелі. Комбинат басшылығына әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерге баса мән бергені үшін алғыс білдіреміз, – деді Президент.

Президент фабриканы қысқа мерзім ішінде салып бітірген құрылысшыларға ризашылығын білдірді.

– Бұл Тәуелсіздіктің 30 жылдығына лайықты тарту болды. Мен бұған дейін осындай нақты жобаларды жүзеге асыруға мән беру қажеттігін айтқан едім. Жаңа кәсіпорын – соның айқын дәлелі, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар фабриканы іске қосу рәсімінде "KAZ Minerals PLС" директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук және кәсіпорынның жас мамандары сөз сөйлеп, Қазақстан Президентіне жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

"KAZ Minerals" компаниялар тобы Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2017 жылы Ақтоғай кен байыту кешенінің өндірістік қуатын кеңейту жобасын қолға алды. Комбинаттың екінші фабрикасының іске қосылуы кен өңдеу көлемін жылына 25-тен 50 миллион тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жалпы, Ақтоғай I және Ақтоғай II жобаларын қоса алғанда кен орнын игеруге тартылған инвестицияның мөлшері 3,2 миллиард долларға жетті.

2022 жылдан бастап кен орнында 190 мың тонна мыс, оның ішінде 20 мың тонна катодты мыс өндіріледі деп жоспарланып отыр. Кешенде жалпы 3 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Кәсіпорында озық технологиялар, соның ішінде жасанды интеллектіге негізделген бағдарламалар кеңінен қолданылады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2021 22:48

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2021 22:48

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2021 22:48

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2021 22:48

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2021 22:48

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2021 22:48

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2021 22:48

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2021 22:48

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2021 22:48

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2021 22:48

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2021 22:48

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: