Ақтауда үйді зарарсыздандырамын деп ана мен бала көз жұмды

1 Наурыз 2021, 09:36
Сурет: barnaul.org

Ақтау қаласында бір әйел баласымен бірге химиялық заттан уланып қайтыс болды, тағы тоғыз адам зардап шекті, деп хабарлайды zakon.kz.

ИнАктау мәліметі бойынша, зардап шеккендер шұғыл ауруханаға жатқызылды.

Полиция көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлерінің бірінде көршілеріне ескертусіз "Quickfos" атты жәндіктерді улағыш затпен зарарсыздандырылғанын анықтады.

Бұл іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл факт Ақтау қалалық полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы, 4-бөлімі бойынша тіркелді.

Қаңтардың соңында дәл осы дәрі-дәрмекпен қандаланы улаған әйел де Ақтауда екі жылға сотталды. Ол кезде көршінің баласы уланып қайтыс болған.

2018 жылдың қарашасында Маңғыстауда үйді дезинфекциялау кезінде бес адам уланып, екеуі қайтыс болды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?