Жаңалықтар тізбегі
0

"Тұмар-2021" ұлттық телевизиялық байқауына өтініш қабылдау басталды

tvtumar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2021 18:59 tvtumar.kz
Отандық үздік жобалар телевизиялық өнер саласындағы жоғары жетістіктері үшін "Тұмар" мүсіншесіне және 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақыға ие болады.

1 наурызда "Тұмар-2021" ұлттық сыйлығын алуға өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Өтініштер tvtumar.kz сайты арқылы қабылданады.

Сыйлыққа 2020 жылы қазақстандық телеарналардың эфиріне шыққан телевизиялық жобалар қатыса алады. Өтінімдерді республикалық және аймақтық телеарналар, студиялар және кәсіби телевизиялық контент шығаратын компаниялар бере алады.

Сыйлық 10 номинация бойынша беріледі:

Үздік телевизиялық сериал

Үздік деректі фильм

Үздік ақпараттық бағдарлама

Үздік әлеуметтік жоба

Үздік ток-шоу

Үздік ойын-сауық бағдарламасы

Үздік тележүргізуші

Үздік тележурналист

Үздік режиссерлік жұмыс

Үздік аймақтық телеарна

Бұл жүлде алғаш рет 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен құрылған. Отандық үздік жобалар телевизиялық өнер саласындағы жоғары жетістіктері үшін "Тұмар" мүсіншесіне және 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақыға ие болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: