Жаңалықтар тізбегі
0

"Тұмар-2023" ұлттық телевизиялық сыйлығының номинанттары жарияланды

Телевидение, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2023 18:26 Сурет: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі
Телевизиялық шеберлік саласындағы "Тұмар-2023" ұлттық телевизиялық бәйгесі 12 номинация бойынша байқау өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, байқаудың басты мақсаты - кәсіби қоғамдастықтың бағалау призмасы арқылы қазақстандық телевизиялық индустрияны дамытуды ынталандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін көрсету.  

2023 жылы бәйгеге қатысы үшін 300-ге жуық өтінім келіп түсті, ең көп өтінім "Үздік тележүргізуші", "Үздік тележурналист", "Үздік әлеуметтік жоба" номинациялары бойынша қабылданды.

"Тұмар" ұлттық байқауына республикалық және аймақтық телеарналар, студиялар және кәсіби телевизиялық контент шығаратын компаниялар қатысты.

Биыл алғаш рет "Үздік спорт комментаторы" және "Үздік журналистік зерттеу" номинациялары бойынша журналистер өз бағын сынайды.

Марапаттау рәсімі қарсаңында қазылар алқасының мүшелері сыйлықтың шорт-параққа енген 48 үміткерді жариялады:

Үздік ақпараттық бағдарлама

"Информбюро" – "31 арна" телеарнасы

"Дневной формат" – "Atameken Business" телеарнасы

"Главные новости" – Бірінші канал "Евразия"

"Aqparat" – "Qazaqstan" ұлттық телеарнасы  

Үздік әлеуметтік жоба

"Ел" бағдарламасы– "Jibek Joly" телеарнасы

"Жанашыр" – "Жетісу" телеарнасы

"История Успеха" – "МИР 24" телеарнасы

"Шешімі бар" – "Almaty TV" телеарнасы

Үздік журналистік зерттеу

"Өзекті" бағдарламасы– "Qazaqstan" ұлттық телеарнасы

"ДАТ" – "SARYARQA" телеарнасы

"Арнайы репортаж" – "Хабар 24" телеарнасы

"Туманный январь" – "31 арна" телеарнасы

Үздік аналитикалық бағдарлама

"Жеті күн" – "Хабар" телеарнасы

"Мир.Итоги" – "Atameken Business" телеарнасы

"Apta" – "Qazaqstan" ұлттық телеарнасы  

"Президент пәрмені" – "АSTANA TV" телеарнасы

Үздік ток-шоу

"Біздің Мақсат" – "Хабар" телеарнасы

"Тұран төрінде" – "Turkistan" телеарнасы

"1001 түн" – "Qazaqstan" ұлттық телеарнасы    

"Басты тақырып" – "Atameken Business" телеарнасы

Үздік ойын-сауық бағдарламасы

"Bіzdin show" – "31 арна" телеарнасы

"ҚЫЗЫҚ LIVE" – "НТК" телеарнасы

"Түнгі студия" – "Jibek Joly" телеарнасы

"Жеті қазына" – "Хабар" телеарнасы

Үздік деректі фильм

"Республика күні. Жаңғыру" – ҚР Президентінің телерадио кешені

"Вертикаль" – "Qazsport" телеарнасы

"Абайдың соңғы күндері" – "Хабар" телеарнасы

"Елмен қауышқан егемендік" – "Жетінші арна" телеарна

Үздік анимациялық фильм

"Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды" – "Жамбыл" телеарнасы

"Дәрігер Дана" – "Rio Production" ЖК

"Ойыншықтар" – "ASD production" ЖШС

"Тоқты мен серке" – "Казмультфильм" ұлттық компаниясы" ЖШС

Үздік аймақтық телеарна

"Новое телевидение" – Қарағанды қ.

"ALTAI" – Шығыс-Қазақстан облысы

"TARAZ 24" – Тараз қ.

"Caspian News" – Атырау қ.

Үздік тележурналист

Наталья Строкова – "Хабар 24" телеарнасы (Қостанай облысы)

Кирилл Харламов – "МИР 24" телеарнасы

Күнсая Құрмет-Рахимова– "Jibek Joly" телеарнасы

Әйгерім Мұздыбаева – Бірінші канал "Евразия"

Үздік тележүргізуші

Светлана Булатова – "КТК" телеарнасы

Ирина Евгеньева– "31 арна" телеарнасы

Альбина Әшім – "Qazaqstan" ұлттық телеарнасы    

Еркін Байғабылұлы – "Хабар 24" телеарнасы

Үздік спорт комментаторы

Ермұхамед Мәулен– "Qazsport" телеарнасы

Есей Жеңісұлы– "Qazsport" телеарнасы

Аслан Қаженов – "Хабар 24" телеарнасы    

Дінмұхамед Төлегенов - "Хабар" телеарнасы

Айта кетсек, "Тұмар" ұлттық бәйгесінің марапаттау рәсімі 2023 жылы 4 шілде күні Астана қаласында "Қазмедиа орталығы" киноконцерт залында өтеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: