Жаңалықтар тізбегі
0

"ҮРКЕР - 2020" ұлттық сыйлығының иегерлері марапатталды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2020 23:47 ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Салтанатты жиында 11 номинация бойынша мәртебелі журналистика сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Нұр-Сұлтанда баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы "Үркер – 2020" ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, салтанатты жиында 11 номинация бойынша мәртебелі журналистика сыйлығының жеңімпаздары анықталды:

Жылдың үздік фотосуреті:

Сәкен Ділдахмет, Тәуелсіз экологиялық шолушы

Жылдың үздік репортажы:

Нұрсұлтан Мықтыбаев, Kyzylorda-news.kz порталы

Жылдың үздік аналитикалық материалы:

Кайрат Жандыбаев, Strategy2050.kz порталы

Жылдың үздік журналистік зерттеуі:

Михаил Козачков, "Время" газеті

Жылдың үздік сұхбаты:

Гүлбаршын Сабаева, "Egemen Qazaqstan" газеті

Жылдың үздік танымдық материалы:

Тимур Ниталиев, Sputnik Казахстан ақпараттық агенттігі

Радиостанциядағы үздік жоба:

"Atyray" радиостанциясындағы "Эфирде 102 FM" бағдарламасы

Жылдың үздік жаңалықтар порталы:

TengriNews порталы

Жылдың үздік газеті:

"AQ JOL" газеті

Жылдың үздік журналы:

"Жұлдыз" журналы

Шерхан Мұртаза атындағы Номинация:

Қайнар Олжай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, публицист

Барлық финалистерге Жеңімпаз сертификаты, "Үркер" естелік мүсіні және бір миллион теңге ақшалай сый табысталды.

Көрермендер марапаттау рәсімін тікелей эфирде urker-awards.kz ресми сайтынан көруге мүмкіндік алды.

"Үркер" ұлттық сыйлығы 2017 жылдан бастап, биыл төртінші рет өткізіліп отыр. Өтінімдер 2020 жылдың 2 қазанынан 5 қарашасына дейін қабылданды. Жалпы, қатысушылардан 470 өтінім келіп түсті. Үздік жұмыстар әділқазылар мүшелерімен таңдалды, олардың құрамына беделді қайраткерлер, шығармашылық зиялы қауым өкілдері және танымал қазақстандық журналистер кірді.

Ұлттық сыйлықты ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі. Іс-шараға "Қазақстан" РТРК мен "Хабар" Агенттігі" АҚ демеушілік жасады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: