Мамандар аспирин мен обыр дертінің байланысы туралы айтты

2 Наурыз 2021, 10:25
Сурет: Dr. Rupa Wong

Ұлттық қатерлі ісік институтының мамандары жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша аспиринді жүйелі түрде қолдану қатерлі ісіктерден болатын өлім қаупін азайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды zakon.kz.

Сарапшылар зерттеу жүргізіп, препараттың басқа да күрделі аурулармен күресуде тиімділігін анықтады, деп жазады Daily Mail.

Препарат қанды сұйылтады және қанның ұю қаупін азайтады.13 жылдық тәжірибеге сүйенсек, онкологияны скринингтік зерттеуге әр жыныстағы 140 науқас қатысты. Сынақ нәтижесінде ғалымдар аспириннің сүт безі мен қуық қатерлі ісігінің алдын алу үшін де пайдалы екеніне көз жеткізді.

Аспиринді аптасына үш рет қолданғанда сүт безі мен қуық ісігінің қаупі бірінші жағдайда төрттен, ал екіншісінде - үштен бірге азаяды. Бірақ дәрігерлер аспиринді жөн-жосықсыз ішудің де қаупі барын ескертеді. Алдымен мамандармен кеңесіп, тексеруден өтуге кеңес беріледі.

Аспирин қолданған адамдарда бұл дәріні ешқашан қабылдамағандарға қарағанда қатерлі ісік ауруынан өлу қаупі 25% төмен болды.

Алайда, аспирин аурудың даму қаупін төмендетпейтінін және онкологиялық аурулардың басқа түрлерін емдемейтінін ескеру керек, препарат өлім ықтималдығына әсер етеді. Аспиринді қолданудың зияны да байқалады, мәселен оны шамадан тыс пайдалану асқазаннан қан кетуді тудыруы мүмкін.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?