Алматы облысында құны 400 млрд теңге болатын тау-шаңғы курорты салынады

2 Наурыз 2021, 17:17
Сурет: inbusiness.kz

Алматы облысында "Түрген" тау-шаңғы курорты салынады, деп хабарлайды zakon.kz.

Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі атап өткендей, нысан құны 400 млрд теңгеге бағаланған.

Жаңа нысанның құрылысы 2022 жылы басталып, 2025 жылы аяқталады деп жоспарланған, деп хабарлады әкімдіктегілер.

Жаңа курорт 5000 адамды жұмыспен қамтиды.

АДБ-мен бірге құны 262,5 мың доллар тұратын Түрген нысанының инженерлік инфрақұрылымын салудың алдын-ала техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу басталды. Қазіргі уақытта жобаны іске асыру үшін инвесторлар іздесіріліп жатыр, - деп толықтырды құзырлы орындағылар.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?