Алматыда бастауыш сынып оқушылары онлайн оқи берсе бола ма?

3 Наурыз 2021, 12:55
Сурет: Pixabay

Бүгінгі күні Алматыдағы мектептерде 1-4 сыныптарда 19 050 оқушы, 5 сыныптарда 1 593 оқушы, 9 сыныптарда 15 108 оқушы және 11 сыныптарда 8 260 (78%) оқушы аралас оқу (қашықтықтан және мектептен) формасына көшті. "Алматылық осы оқушылардың барлығы мектепке бармай, оқуын онлайн режимінде жалғастыра ала ма" деген сауалға білім басқармасы бастығының орынбасары Қайрат Жұманов жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы "Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" No9 қаулысына және Алматы қаласының Мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылы 2 наурыздағы No 6 қаулысына сәйкес, 1-5 сынып оқушылары санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтай отырып, ата-аналарының қалауы бойынша 25 адамға дейінгі сыныптардағы балалар санына сәйкес, халықаралық мектептерде 1-ден 7-ге дейінгі сыныптарда аралас оқу формасына көшеді. Бірақ бұл арада бір нюанс бар.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру ұйымдарының коронавирус инфекциясының таралуын болдырмауға байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсыныстарына сәйкес, қашықтықтан оқыту жүйесінен қалыпты режимге көшу оқушылардың ата-аналарының қалауы бойынша жүзеге асырылады, - деді Жұманов.

Сонымен қатар, білім алушыларды сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда жеке оқытуға білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша рұқсат етіледі, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық және маска режимін ескере отырып, оқушыларға тамақ беруді ұйымдастыруға рұқсат етіледі.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?