СҚО-да бір топ адам заңсыз жолмен Ресейден көлік тасып келген

3 Наурыз 2021, 14:38
Сурет: видеодан кадр

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп, жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынған автокөліктердің экономикалық контрабандасын жүзеге асырған трансұлттық қылмыстық топты әшкереледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Ұйымдастырушылар автокөліктерді Ресейден Қазақстан аумағына қосалқы бөлшектер түрінде жалған кедендік құжаттар бойынша жеткізіп отырған.

Қойманы тінту барысында 60 автокөлік (54 жеңіл және 6 жүк көлігі), заңға қайшы әрекеттерді растайтын құжаттар, жалған техникалық паспорттар мен РФ-ның жалған мемлекеттік нөмірлік белгілері тәркіленді.

Мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала есептелген көлемі шамамен 650 млн теңгені құрайды.

Ұсталғандарға қатысты 2 айға дейін "қамауда ұстау" шарасы санкцияланды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?