Бағалы металдардың заңсыз айналымымен айналысқан бір топ адам ұсталды

Қылмыстық іс, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2023 21:51 Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Көлік полицейлері бағалы металдардың заңсыз айналымымен айналысқан бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көліктегі полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері, Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қазақстан Республикасының аумағында ұзақ уақыт бағалы металдардың заңсыз айналымымен айналысқан бір топ адамның әрекетін әшкереледі.

ҚР ҚК 295-1 бабы 3-бөлігімен, яғни “Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: