Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда тауда адасып кеткен төрт турист құтқарылды

yvision.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2021 23:45 yvision.kz
Құтқарушылар теңіз деңгейінен 2050 метр биіктікте "Просвещенец" шипажайы аймағында адасқандарды тауып, денсаулығын тексеріп, бұлақ жанында күтіп тұрған көлікке дейін шығарып салды.

Алматыда Көкжайлау шатқалында жоғалып кеткен төрт турист құтқарылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Almaty.tv мәліметі бойынша, 2 ақпанда сағат 17:30-да құтқару қызметіне Алматы қаласы ТЖД жедел кезекшісі, Көкжайлауда 4 адам жоғалып кетті деген хабарлама келген. Оқиға орнына Алматы қаласы Құтқару қызметінен құрамында 8 адам, іздеу итімен бірге 1 кинолог және Төтенше жағдайлар министрлігіне тиесілі РЖҚЖ 15 құтқарушы, іздестіру итімен бір кинолог жұмылдырылады. Іздестіру-құтқару жұмыстары аясында ұялы байланыс операторларының қол жетімді аймағында болған сәтте туристер байланысқа шығып, оларда бәрі жақсы екенін және көлбеу бағытта жүретін жол тапқанын айтты. Алайда кешкі уақыттағы қараңғылық пен тауға қардың жаууы іздестіру жұмыстарына қиындық келтірді. Туристердің жарақат алуы мүмкін екендігі ескере отырып, құтқарушылар 4 адамнан тұратын, 109 қызметінің бір тобын кездесуге жіберіп, оларды қауіпсіз жерге шығарып салуға шешім қабылданды.

Құтқарушылар теңіз деңгейінен 2050 метр биіктікте "Просвещенец" шипажайы аймағында адасқандарды тауып, денсаулығын тексеріп, бұлақ жанында күтіп тұрған көлікке дейін шығарып салды.

Іле Алатауының тауларындағы туристер адасып, қайғылы оқиғалар болды. Сол себепті Алматы қаласының құтқарушылары қала тұрғындары мен мегаполис қонақтарына қауіпсіздік талаптарын сақтап, тауға баратын уақытты алдын-ала жоспарлауларды сұрайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: