Түркістан облысында тауда жоғалып кеткен туристтің денесі табылды
Сурет: pixabay
2023 жылғы 11 шілдесінде Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары теңіз деңгейінен шамамен 3800 метр биіктікте жоғалып кеткен туристтің денесін тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазіргі уақытта құтқарушылар оны жаяу түсіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"Қалыңдығы 20 см қар жамылғысы, жер бедерінің таулы, тасты болуы түсіру жұмыстарын қиындатып жатыр".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Іздеу-құтқару жұмыстарына Түркістан облысының жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен Альпинизм федерациясының кәсіби альпинистері жұмылдырылды.
2023 жылғы 3 шілде күні Түркістан облысында 1967 жылы туған турист тау басынан құлап кеткен.
Құтқарушылар 10 шілде күні қар мен толассыз жауған жаңбыр жоғалған туристті іздеу жұмысын қиындатып жатқанын хабарлаған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript