Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте қырыққа толмаған келіншек 10-шы баласын босанды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2021 19:58 видеодан кадр
Қырыққа жетпей батыр ана атанған әйел!

39 жасында 10-шы рет құрсақ көтерген келіншек Шымкентте тұрады. Әулеттің алтын келіні атанған жан кейде ұл-қыздарының атынан шатасатын көрінеді. Ал күйеуі оны балабақша меңгерушісі деп атайды екен, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Бұл осыдан 1 апта бұрын перзентханада түсірілген әуесқой видео. 10 баланы дүниеге әкелген ана медицина мекемесінің ұжымына алғысын айтып, ақжарма тілегін арнап тұр. Дәрігерлер де бұндай батырлыққа аң-таң. Себебі, 10 баланы дүниеге әкелу екінің бірінің қолынан келмейтін табандылық. Әсіресе, бүгінгі қоғам сондай дерсіз!

Перхентханадан шығып, аяқ-қолын жиып, аман-есен отбасына оралған Айжан Байшанова 18 жасында тұрмыс құрған. Араға 21 жыл салып, 10 құрсақ көтеріп, жанұясын айрандай ұйытып отыр. Айтуынша, үшінші ұлы шарана кезінде шетінеп кеткен. Қазір 9 ұл-қыз тәрбиелеп отқан бақытты ана. Нұрдәулет, Ардақ, Иманғали, Балауса, Кәусар мен Ғазиз, Айдын және Әлинұр, Алмас сияқты балаларын жарық дүниеге әкелген. Анда-санда болмаса, балапандарымның атынан көп шатаспаймын дейді ана.

Айжан Байшанова, көпбалалы ана:

Болады ондай, қатты асығыс кезде, қатты ашулы кезде. Сол кезде болады. Шатаспаймыз, әр баланың орны бөлек қой.мына бала қаяқта, қаяқта деп іздеп кетеміз.

Шиеттей бала-шағамен карантинде сабақ оқып, өзім де педагог болып кеттім деген ана біраз қиналғанын да жасырмайды.

Айжан Байшанова, көпбалалы ана:

Оңай емес, қиын ғой, үш бала онлайн оқығаннан кейін, бірінен кейін бірі сабақ. Үлгересің ғой. Енді қазір бірінші наурыздан бастап оқып жатыр ғой. Жақсы, үшеуі сабаққа барады. Екеуі студент өзімен-өзі. Қалғандары біріне-бірі көмектеседі. Қарап, ойнап, бір-біріне қарап жүреді.

Көп балалы ана мемлекеттен тәп-тәуір жәрдемақы алады. Келіншек оған шүкіршілік етеді. Отағасы такси қызметімен бақандай жанды бағып отыр деп дән риза. Тіпті, сол таксисттіктің де пайдасы тиіпті жас анаға.

Қазір Айжан 39-да, ал күйеуі Ержан 42 жаста. Өсіріп жатқан ұл-қызының қолынан еңбек келеді. Үлкен ұлы 21 жасқа келген жап-жас жанұя демографиялық өсімге осымен тоқтам қойдық деп қалжыңдап қояды.

Ерлан Тәжіханов, отағасы:

Бала жігіт болып қалды. Енді қоямыз енді. Ертең тағы келін алып отсақ, келінмен жарысып. Осы Алланың бергені, Құдайға шүкір.

Тәжіхановтар отбасы әр баланың өз нәсібесі барына кәміл сенеді. Бүгінде шиеттей бала-шағамен қосымша көмек те сұрамаймыз деп шүкіршілік етіп отыр. Тек балаларының болашағы үшін баспанамен қамтылсақ деген үміті бар. Оны қала билігіне жеткізуді бізге тапсырды. Бұл жергілікті шенеуніктерге құлаққағыс.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: