Балқаш көлінде тыйым салынған тәсілге барған браконьер-балықшы ұсталды 

10 Наурыз 2021, 15:51
Сурет: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Балқаш АПБ Жергілікті полиция қызметінің инспекторлары табиғат қорғау заңнамасының талаптарын бұзуды болдырмау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде арнайы шаралар жүргізеді. Осындай шара барысында Қараөзек ауылынан 3-4 шақырым қашықтықта Балқаш көлінен заңсыз балық аулаушы тұрғынды ұстаған, дейді облыстык ПД баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінген 1985 жылы туған Құйған ауылының тұрғынының қолданыстағы заңнамаға сәйкес тыйым салынған пластикалық ауды пайдаланғаны анықталды. Қазіргі уақытта материалдық шығын есептелуде, - деді Балқаш АПБ ЖПҚБ бастығы полиция майоры Азамат Абдрахманов.

Тәртіп сақшылары қолға түскен браконьерден 100 астам балық тәркілеп, арнйы қабылдау орындарына өткізген. Тәркіленген балықтан түскен қаражат мемлекет пайдасына аударылатынын атап өткен қажет.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?