Жаңалықтар тізбегі
0

Балқаш көлінде ірі көлемде балық аулаған браконьер мұз үстінде ұсталды

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2021 16:35 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Күдіктінің балық аулау кезінде қолданыстағы заңмен тыйым салынған тәсілді пайдаланғаны әшкереленді.

Алматы облысының табиғат қорғау полициясы мен облыстық Балық шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының бірлескен рейді барысында Балқаш көлінің Сарқан ауданына қарасты учаскесінде ірі көлемдегі балық аулаған браконьер ұсталды. Күдіктінің балық аулау кезінде қолданыстағы заңмен тыйым салынған тәсілді пайдаланғаны әшкереленді, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 40 жастағы күдіктінің көлігін тексеру барысында 300 килограмнан астам балық табылып тәркіленді. Сонымен қатар, қылмыс құралы ретінде пайдалану тыйым салынған балық ауы тәркіленді. Күдіктінің мемлекетке 3 миллионға жуық материалдық шығын әкелгені анықталды, деді облыстық ПД ЖПҚБ Табиғат қорғау инспекторы полиция капитаны Бағлан Рымжанов.

Тәртіп сақшылары тәркілеген балықтар арнайы қабылдау орындарына өткізіліп, одан түскен қаражат мемлекет пайдасына аударылатынын атап өту қажет.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында "Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасы 16 қаңтарда басталып, осы айдың соңына дейін жалғасады. Арнайы шара барысында бұған дейін де табиғи байлыққа қол сұғушылар ұсталған болатын.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2021 16:35

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2021 16:35

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: