Алматы облысында газға көшкен УАЗ көлігі түгі қалмай, жанып кетті

10 Наурыз 2021, 17:43
Сурет: zakon.kz

Талғар ауданының Панфилов ауылында УАЗ көлігі жанып кетті, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Алдын ала нұсқа бойынша, газ отынына көшкен УАЗ көлігі өз-өзінен отқа оранған. Өртенген көлік артқа қарай сырғып, қақпаға соғылды. Жақын маңдағы ауылдардан да өртенген көліктің көк түтіні көрінген.

Зардап шеккендер жоқ.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті автокөліктің өртенуіне газдың сыртқа шығуы себеп болғандығын нақтылады. Төтенше жағдайларды жою және 102, 103, 104 жедел қызметтерінің күштері мен құралдары шақырылған орынға дереу жетті.

Газдың сыртқа шығуы ауыздықталды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?