Шухрат Ибрагимов ERG компаниясындағы марқұм әкесінің орнын басады

11 Наурыз 2021, 16:24
Сурет: ERG

Шухрат Ибрагимов осы жылдың ақпан айында қайтыс болған, ERG негізін қалаушылардың бірі әкесі Алижан Ибрагимовтың компания кеңесіндегі орнын басады, деп хабарлайды zakon.kz.

Сонымен қатар ол Аудит жөніндегі комитетттің, Сыйақылар жөніндегі комитеттің және Тұрақты даму, Менеджерлер кеңесі жанындағы M & A комитетінің құрамына кіреді.

Менеджерлер кеңесіне тағайындалғанға дейін Шухрат ERG-дің Бизнесті дамыту департаментін алты жылдан астам басқарды.

Сондай-ақ ол Орталық Азиядағы ең ірі алтын өндіретін кәсіпорындардың бірі - Альянс Алтынның атқарушы емес директоры лауазымын атқарады. Одан бөлек "Евразия" сақтандыру компаниясы мен Еуразиялық банктің директорлар кеңесінде қызмет етеді. Сонымен қатар, ол "YABİAD" шетелдік инвесторлар мен кәсіпкерлер одағының вице-президенті.

Ибрагимов Лондондағы Еуропалық бизнес мектебін және Бейжің тіл және мәдениет университетін бітірген. Ол ағылшын, орыс, француз және түрік тілдерін жетік біледі, сонымен қатар қытай тілін практикалық тұрғыдан біледі.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?