Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда апатты көпірдің орнына жаңасы салынады

Осы жылдың қазан айында Кемел ш/а Ерболат Досаевтың тапсырмасымен апатты көпірдің орнына жаңасы салынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2024 14:21 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
50 жылдан астам уақыт бұрын "Кемел" шағын ауданындағы Есентай өзеннің бойына салынған апатты көпірді Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен есептік кездесу және жұмыс сапары барысында қарап шықты.

Жолымбет көшесінде орналасқан осы көпір бойынша барлық көліктердің қозғалысы оның ақаулы жағдайына байланысты осы жылдың мамыр айының соңында шектелген. Өткен ғасырдың 60-жылдарында салынған көпір құрылымы ешқашан жөнделмеген және жарамсыз болып қалған. Көпір тіректерінде қауіпті жарықтар пайда болды, бетон конструкциялары жартылай бұзылды. Көпірді көзбен шолып тексеру барысында көпірге кіреберістерде үйінділердің, сондай-ақ көпірдің беткейлеріндегі топырақтың шөгуі анықталды.

Қала басшысына қалалық мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаевтың айтуынша, көпірді техникалық тексеру деформациялық тігістің жоқтығын да анықтады. Мұның бәрі құрылымның жүк көтергіштігіне және оның беріктігіне теріс әсер етеді. Демек, көпірді жөндеу мүмкін емес. Сондықтан жаңасын салу қажет.

Жаңа көпірдің жобасы қадалар негізі бар бір аралықты құрылысты, сондай-ақ көпірге кіреберістердің жүріс бөлігін қайта құруды көздейді. Жаңа құрылым ескіден әлдеқайда үлкен болады. Сонымен, егер апаттық көпірдің ұзындығы 16,8 метр, ені 8,5 метр және тіректердің биіктігі 7 метр болса, онда жаңа көпірдің ұзындығы 24 метр, ені 13,5 метр, биіктігі 9 метр болады. Бұл көпірден өтуді жолмен бір деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жаяу жүргіншілердің жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ерболат Досаев екі жақтан да тротуарларды жайластыруды, сондай – ақ көпір "Кемел", "Көкжиек" шағын аудандары мен "Қоянқұс", "Ынтымақ", Жаңадәуір, Жаңаталап поселкелері тұрғындары үшін көлік байланысын қамтамасыз ететіндігін ескеріп, қысқа мерзімде жұмыстар жүргізуді тапсырды.

"Бұл әлеуметтік маңызы бар нысан, көпір арқылы бірнеше автобус маршруттары, соның ішінде мектеп маршруттары өтеді, сондықтан барынша қысқа мерзімде жол қозғалысының қамтамасыз ету керек. Қажетті қаражат бөлінетін болады, қозғалыс осы жылдың қазан айында ашылуы тиіс. Көпір ондаған жылдар бойы адамдарға қызмет ететіндей сапалы болғаны жөн", - деп атап өтті Ерболат Досаев.

Қазіргі уақытта жаңа көпір салу бойынша жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін автокөлік иелері аталған учаскені Мұхамеджан Сералин көшесі арқылы айналып өте алады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: