Жаңалықтар тізбегі
0

Алматының Алатау ауданындағы 60 мыңнан астам тұрғын медициналық қызметтермен қамтылатын болады

Алматының Алатау ауданындағы 60 мыңнан астам тұрғын медициналық қызметтермен қамтылатын болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2024 10:05 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары және халықпен есептік кездесу аясында Алатау ауданының "Нұркент" шағын ауданында ауысымда 400 адам қабылдайтын жаңа жеке клиникада болды.

Медициналық орталық биыл мамыр айында ашылды. Кепілдік берілген көлем аясында тіркелген халық үшін тегін медициналық қызметтер көрсетіледі. Бұл жедел жәрдем, шұғыл стационарлық және амбулаториялық көмек, онкологиялық көмек, туберкулез кезіндегі паллиативтік көмек, бейінді мамандардың консультациясы, оңалту, белгілі бір аурулар және дәрі-дәрмектер тізімі бойынша бұйрыққа сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.

Бүгінде медициналық орталыққа ауданның 23,2 мың тұрғыны тіркелген.

Алматы әкімі жұмыс сапары барысында клиниканың қызметімен танысып, ұжыммен кездесті. Алаңы 5,5 мың шаршы метр ғимарат заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған. Клиниканың ерекшелігі-бронх демікпесі, бронхит және пневмония ауруларын емдеуге арналған тұз шахтасының, сондай-ақ есту қабілетінің бұзылуын анықтау мақсатында жаңа туған нәрестелер мен 6 жасқа дейінгі балалардағы есту қабілетін анықтауға бағытталған аудио скрининг аппаратының болуы.

Ерболат Досаев қала тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетудің маңыздылығын атап өтті.

"Халыққа ыңғайлы болу үшін жаңа технологияларды енгізе отырып, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру маңызды. Біз әрқашан осындай маңызды әлеуметтік нысандарды іске асыруға қатысатын меценаттарды қолдаймыз", - деді мегаполис басшысы.

Айта кетерлігі, "Нұркент" шағын ауданында мемлекеттік медициналық мекемелер жоқ. Ең жақын №29 қалалық емхана "Зерделі" шағын ауданында орналасқан.

Жеке клиниканың ашылуы "Нұркент", "Ақкент", "Зерделі", "Алғабас", "Теректі" және "Дарабоз" шағын аудандарының 60 мыңнан астам тұрғынын медициналық қызметпен қамтуға мүмкіндік берді және бұл қалалық емхананың жүктемесін азайтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: