Жаңалықтар тізбегі
0

Полиция қызметкерлерінің зейнетке шығу жасы ұлғайтылуы мүмкін

liter.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2021 18:35 liter.kz
Атап айтқанда, майор шеніндегілердің зейнетке шығу жасын 52 жасқа дейін ұлғайту жоспарланып отыр, яғни 4 жыл қосылады.

ҚР Парламенті Сенатында полицияның қызметтік моделін заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі үкіметтік сағатта ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қазіргі кезде полиция қызметкерлерінің зейнетке шығу жасын ұлғайту мәселесін қарастырып жатқандарын айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Шынында да, қазіргі уақытта біздің полиция қызметкерлері өте тәжірибелі, кәсіби әлеуетке ие, олардың көпшілігі 45-55 жасында қызметтен кетуге және зейнетке шығуға мәжбүр. Олар қазір әртүрлі коммерциялық құрылымдарда жұмыс істейді. Біз зейнетке шығу мәселесін көтеріп жатырмыз, - деді Тұрғымбаев.

Атап айтқанда, майор шеніндегілердің зейнетке шығу жасын 52 жасқа дейін ұлғайту жоспарланып отыр, яғни 4 жыл қосылады, сонда подполковниктер үшін 55, полковниктер үшін 58 және аға басшылық үшін 63 жас.

Біз осы жайттың жобасын әзірлеп, жоспарлап, талқылайтын боламыз. Басқа елдерде бұл мәселе басқалай шешіледі. Мысалы, Ресейде - 60 жас, Жапонияда, Германияда - 65 жас. Біз де осы мәселені пысықтағымыз келеді, - деді министр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: