Еңбек министрлігі желідегі зейнет жасы төмендейтіндігі туралы сүйінші хабарға түсінік берді
Pixabay
Желідегі сүйінші хабарда ерлердің зейнетке шығу мерзімі 61, ал әйелдер үшін 57 жасқа дейін қысқартылған деп жазылған.
Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде Қазақстанда зейнет жасы төмендейтіндігі туралы хабарламасы бар сурет таратылуда, деп хабарлайды zakon.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа мүлде сәйкес келмейді.
Суреттегі мәліметте ерлердің зейнетке шығу мерзімі 61, ал әйелдер үшін 57 жасқа дейін қысқартылған деп жазылған. Сонымен бірге бұл мәтін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың фотосуретімен берілген.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
- Бұл - жалған ақпарат, біз зейнет жасына қатысты қандай да бір өзгерістерді қарастырып жатқан жоқпыз, - деді министрліктегілер.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript