Ірі көлемдегі операция: Төрт қаладан қылмыстық топтың 16 адамы ұсталды

12 Наурыз 2021, 14:50
Сурет: ҚР ҰҚК

ҚР ҰҚК Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, аса қауіпті трансұлттық қылмыстық топты жойды, деп хабарлайды zakon.kz.

2021 жылғы 10 наурызда Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар және Семей қалаларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесу бойынша ірі ауқымды арнайы операция жүргізді.

"Ұсталған топтың 16 қатысушысына адам ұрлау, бопсалау, кісі өлтіруге оқталу, Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындардың бірінен құрамында алтыны бар шикізатты ұрлау және оның ҚР шегінен тыс контрабандасы, сондай-ақ трансұлттық қылмыстық топ құру және оған басшылық жасау айыптары тағылып отыр, делінеді ҚР ҰҚК хабарламасында.

Қылмыстық топтың құрамына құқық қорғау органдарының қазіргі және бұрынғы қызметкерлері кірген.

Ұстау барысында қаскүнемдерден олардың жасаған қылмыстарын растайтын ірі сомадағы ақшалай қаражат, материалдық құндылықтар, байланыс құралдары және өзге де заттар табылып, алынды.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?