Алматыдағы әскери ұшақ апатына байланысты депутаттар көңіл білдірді

13 Наурыз 2021, 21:33
Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин халық қалаулылары атынан Алматы әуежайында әскери ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына және жақындарына қайғырып көңіл айтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұрлан Нығматулин барлық депутаттық корпус атынан қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Әуе апаты салдарынан адамдардың қаза тапқаны туралы суыт хабарды естіп, есеңгіреп қалдық. Біз орны толмас шығынның ауырлығымен бөлісе отырып, марқұмдардың туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтамыз, - деді Мәжіліс төрағасы.

Айта кетсек, 13 наурызда кешкісін Алматы маңында әскери ұшақтың құлағаны хабарланды. Алдын ала мәліметтер бойынша, төрт адам қайтыс болды, жарақат алған екі адам Алматыдағы No4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?