Түркістан облысында 20 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды

15 Наурыз 2021, 15:49
Сурет: видеодан кадр

Түркістан облысындағы Кентау мен Арыс қалалары және Бәйдібек, Отырар, Ордабасы аудандарында жиырма мыңнан аса абонент жарықсыз қалды. Боран мен жауыннан кейін жауған қардан электр сымдары үзіліп, бағаналар құлаған.

"ОңтүстікЖарықТранзит" компаниясының өкілі Мақсат Жақсыбаевтың 15 наурыз күні Азаттыққа айтуынша, жарықтың сөне бастағаны туралы ақпарат 13 наурыздан бастап түскен. Жауын жауып, дауыл соққаннан соң күн суытқан. Ауылдарға электр жарығын алып баратын бағаналар құлаған.

14 наурыз күні кешке Кентау қаласына жарық толығымен қосылды. Ал Бәйдібек, Отырар және Ордабасы аудандарында әлі жұмыс жүріп жатыр, деді Жақсыбаев.

Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше, жарық сөнгеннен соң Кентау қаласындағы жылу стансасы да жұмыстан шыққан. Бір тәуліктен соң 14 наурыз күні жылу қайта қосылған. Жарық сөнген екі қала мен үш ауданда мыңнан аса бағана құлаған.

13 наурыз күні Түркістан облысында жауын жауып, арты дауылға ұласып, қар жауа бастаған. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті аймақтағы облыстық және республикалық маңызы бар бірнеше жол көктайғақ болуына байланысты жабылғанын хабарлаған. Жарықсыз және жолда қалған тұрғындар әлеуметтік желілерде видео таратқан.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?