Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

16 Наурыз 2021, 08:55
Сурет: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов активке ҚР Президентi Әкімшілігі келісімімен тағайындалған жаңа орынбасары Таушов Нариман Бахытұлын таныстырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ал бұған дейін облыс әкімінің орынбасары болған Әжіғалиева Айгүл Теміртасқызы мемлекеттік қызметшілерге ротация жүргізу қағидаларына енген өзгерістерге сәйкес, ҚР Президентi Әкімшілігінің келісімімен Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Нариман Таушов 1967 жылы Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарасты Еңбекші ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары, Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын ауылшаруашылық өндірісінің экономист-ұйымдастырушы мамандығы бойынша үздік бітірген. Сондай-ақ Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1993 жылы Орал каласы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының салық инспекторы болып бастаған.

1994-2001 жылдары Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінде бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы, басқарма бастығы, сондай-ақ комитет төрағасының орынбасары лауазымдарында жұмыс істеген.

2001-2002 жылдары Маңғыстау облысының, ал 2002-2005 жылдары Батыс Қазақстан облысының Салық комитетінің төрағасы.

2005-2007 жылдары Батыс Қазақстан облысы Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алулар басқармасының бастығы, 2007-2010 жылдары Атырау облысы Салық комитетінің төрағасы, 2010-2013 жылдары Орал қаласы Салық басқармасының басшысы болған.

Ал 2013-2015 жылдары "Аққамыс" АҚ төрағасының кеңесшісі, 2015-2020 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Атырау облысы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы болып қызмет еткен.

2020 жылдың наурыз айынан бастап бүгінге дейін Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы лауазымында еңбек етіп келді.

2008 жылы Қазақстан Республикасы Салық қызметінің үздігі төсбелгісімен марапатталған.

Нариман Бахытұлы сондай-ақ ауған соғысының ардагері. 1987 жылы "Ауған халқынан алғыс", 1988 жылы "Үздік жауынгерлік қызметі үшін", 2003 жылы "Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығарудың 15 жылдығы" медальдарымен наградталған.

Айгүл Әжіғалиева Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Айгүл Теміртасқызы Әжіғалиева 1966 жылы Атырау облысының Дамбы селолық округінде дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1985 жылы Целиноград қаласының Қаржы-экономикалық техникумын, 1991 жылы Алматы қаласының Халық шаруашылық институтын қаржы қызметкері мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы Гурьев облыстық қаржы бөлімінің кадр жұмысы бойынша аға инспекторы болып бастаған.

1985-1986 жылдары облыстық қаржы бөлімі бюджеттік бөлімнің тексеруші-инспекторы, 1986-1989 жылдары облыстық қаржы басқармасының бюджеттік бөлімінің аға экономисі, 1989-1992 жылдары облыстық қаржы басқармасының бюджеттік бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеген.

1992-1993 жылдары облыстық қаржы басқармасының бюджеттік бөлім бастығының орынбасары, 1993-1995 жылдары облыстық қаржы басқармасының басқару аппаратын қаржыландыру, әкімшілік органдары және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім бастығы, 1995-1996 жылдары облыстық қаржы басқармасы бастығының міндетін атқарушы-бюджеттік бөлімнің бастығы, 1996-1998 жылдары облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары-бюджеттік бөлімінің бастығы болған.

1998-1999 жылдары облыстық қаржы басқармасы бастығының міндетін атқарушы, 1999-2000 жылдары облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары-бюджеттік бөлімнің бастығы, 2000-2001 жылдары облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары, ал 2001-2002 жылдары облыстық қаржы басқармасының басқарма бастығы, 2002-2005 жылдары облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары ретінде еңбек етті.

2005-2006 жылдары Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының орынбасары, 2006-2008 жылдары Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директоры, 2008-2010 жылдары Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы, ал 2010 жылдың маусым айынан бастап бүгінге дейін Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымында еңбек етті.

"Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" мерекелік медалімен, "Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен", "Астананың 10 жылдығы" мерекелік медалімен және "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" мерекелік медалімен марапатталып, "Құрмет" орденін алған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?