Қарағанды ​​облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды

16 Наурыз 2021, 16:30
Сурет: Константина Павленко/ekaraganda.kz

Қарағанды ​​облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ержан Нұрлыбаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Денсаулық сақтау саласындағы кадрлық өзгерістер туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.

Ержан Нұрлыбаев Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылып, облыстық клиникалық аурухананың директоры болып тағайындалды. Сондай-ақ, ол менің штаттан тыс денсаулық сақтау мәселелері бойынша кеңесшім болады. Коронавирустың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел штабтың жұмысына жетекшілік ететін, санэпидқадағалаудың, фармацевтикалық және медициналық бақылаудың ведомствоаралық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін болады. Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту және салаға инвестициялар тарту мәселелерімен айналысуды жалғастырады, - деді өңір басшысы.

Жеңіс Қасымбек Нұрлыбаевтың өңірдегі денсаулық сақтау саласын дамытудағы еңбегі мен тиімді менеджерлік қасиеттерін атап өтті. Басшылық еткен жеті жыл ішінде саланы цифрландыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Қарағанды облысы МӘМС енгізу бойынша пилоттық өңір болды. Облыста медициналық инфрақұрылым жақсартылып, кеңейтілді, кадр тапшылығы мәселесін шешудің жолы табылды.

Пандемия кезіндегі жұмысты ерекше атап өткім келеді, қысқа мерзімде инфекциялық госпитальдар ашылып, емханалардың жұмысы қайта құрылды. Бұл өз кезегінде адам өмірлерінің үлкен шығындарын болдырмауға мүмкіндік берді. 26 компьютерлік томография кабинеті мен 11 ПТР-зертхананың жұмысы ұйымдастырылды, - деп толықтырды Жеңіс Қасымбек.

Облыс әкімі Ержан Нұрлыбаевқа жемісті жұмысы үшін алғыс айтып, Құрмет грамотасын табыс етті.

Ержан Нұрлыбаевтың екі жоғары білімі бар. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын "емдеу ісі" мамандығы бойынша, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін "менеджмент" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының факультеттік хирургия кафедрасының клиникалық ординаторы қызметінен бастады. Қарағанды қаласының № 1 көпсалалы клиникалық ауруханасында бөлімше хирургы, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. Облыстың бас хирургі болды. Денсаулық сақтау басқармасында стационарлық қызметті үйлестіру, медициналық қызметті ұйымдастыру бөлімдерін басқарды. Профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығының, Облыстық клиникалық аурухананың директоры болып жұмыс істеді. 2014 жылдың сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?