Ақтау-Алматы рейсінен түсірілген мінезді жігіт өзінікі дұрыс екендігіне сенімді

16 Наурыз 2021, 17:53
Сурет: Алматы әкімдігі

15 наурызда Ақтау-Алматы рейсінің жолаушысы ұшақтан түсірілді. SCAT компаниясы мұны ер адамның мас болуы және өзін агрессивті ұстауымен түсіндірді. Алайда жолаушының өзі мас болғанын жоққа шығарады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол өзін деструктивті ұстады, экипажға қатысты қорлау, қорқыту-үркіту сөздерін айтты. Ол екі рет ескерту алды, үшінші рет командир автотұраққа оралуға шешім қабылдады, сөйтіп жолаушы рейстен түсірілді, - деді SCAT.

Өз кезегінде ер адам "Лада" сайтына өзінің пікірін жеткізді. Қайрат Исатаев 15 наурызда мас болмағанын айтады. Оның айтуынша, стюардессамен арадағы дүрдараздық егде жастағы әйелді жақтаудан басталған.

Егде жастағы әжейдің қайда отыру керектігін түсіне алмай, бір жерден екінші жерге арлы-берлі сабылып жүргенін көрдім. Содан стюардессаға әжейге құрметпен қарап, сатып алынған билеті бойынша орнын табуға көмектесуін сұрадым. Бірақ ол менің ескертпеме агрессивті жауап берді. Содан соң бұл қылығы үшін одан әжейден кешірім сұрауын сұрадым. Бірақ олар полиция шақырды. Мені медициналық тексеруден өткізу үшін рейстен түсіріп кетті, - деді Қайрат Исатаев.

Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, Исаевтың айтуынша, ол мүлдем сау болған. Ол өзінің рейстен заңсыз шығарылғанына сенімді және билеттің ақысын қайтарып алуға ниетті.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?