Жарты жыл іздеуде жүрген сотталушы "Алматы-Өскемен" пойызында ұсталды

17 Наурыз 2021, 09:53
Сурет: ШҚО ҚАЖ Департаменті

ШҚО-да "Пробация" жедел алдын алу іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды zakon.kz.

Шығыс Қазақстанда пробация қызметкерлері 6 айдан астам іздеуде жүрген сотталушыны ұстады. Пробация қызметінің қызметкерлері Көкпекті ауданының полиция бөлімімен бірлесіп, "Пробация" жедел — профилактикалық іс-шарасының бірінші күні бұрын іздеуде жүрген сотталған адамды ұстады.

Айта кетсек, 20 жастағы сотталған 2020 жылы алаяқтық үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған. Бірақ сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін ол пробация қызметіне есепке тұруға келмеген. Осыдан кейін оған іздеу жарияланған.

Қызметкерлер оны "Алматы-Өскемен" пойызында ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Енді оған жазаны 3.5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деді әділет аға лейтенанты Марат Төлепбергенов.

Айта кетейік, 15-24 наурыз аралығында ШҚО-да "Пробация "жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Мақсаты-құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстардың алдын алу .


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?