Мерекеде Болат Назарбаев қоры мұқтаж отбасыларға азық-түлік себетін үлестіреді

17 Наурыз 2021, 15:37
Сурет: видеодан алынды

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы қарсаңында Болат Назарбаевтың "Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қоры қайырымдылық науқанын бастады.

Жердің тоңы жібіп, көктемнің лебі ескен наурыз мейрамында көңілдің мұзын кетіріп, көпшілікке жақсылықтың самалын жеткізетін жаңа науқан басталғалы жатыр. Болат Назарбаевтың "Салиқалы ұрпақ" қоры 1500 мұқтаж отбасыға 11 түрлі тауарды қамтыған, салмағы 50 кг дейін тартатын "Көктемнің мейірімділік қоржынын", яғни азық-түлік себетін үлестіреді.

Науқанның аты айтып тұрғандай, бұл шараның мақсаты - халыққа тек азық-түлік ғана емес, наурыз мерекесін сезіндіріп, көктемнің шуағын, жақсылықтың нұрын, жүректің жылуын жеткізу. "Салиқалы ұрпақ" қоры мұндай игі бастамаларды тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Бір-бірімізге қол созып, ынтымағымызды күшейтсек, ырысымыздың таситыны - ақиқат.

Ендеше, бірлігіміз баянды, тірлігіміз берекелі болсын!


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?