Жаңалықтар тізбегі
0

Арнайы жасақ сарбаздары өз қалтасынан мұқтаж отбасыларға көмек жасады

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2020 22:00 видеодан кадр
Аталған акция арнайы жасақ қызметкерлері арасында тұрақты түрде өткізіледі.

Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында арнайы жасақ сарбаздары Алматы облысындағы аз қамтылған отбасыларға көмектесті, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысы Полиция департаментінің Жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері "Тәуелсіздік күні" мерекесін атап өту қарсаңында шағын қайырымдылық акциясын өткізді. Олар өз қаражаттарынан бірнеше отбасын азық-түлікпен және гигиеналық қажетті құралдармен қамтамасыз етті.

"Арнайы жасақ қызметкерлері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қажетті азық-түлікпен және кеңсе заттарымен көмектесу туралы шешім қабылдады. Осы мақсатта азық-түлікпен қатар, санитарлық талаптарды сақтауға керек құралдар сатып алынды. Өйткені, пандемия кезінде күнделікті гигиена тәртібін сақтау қажеттілігін барлығы жақсы біледі, бірақ оны ұстануға бәрінің қолы жете бермейді", - деді облыстық ПД арнайы жасақ командирі полиция подполковнигі Медет Қамалбеков.

Аталған акция арнайы жасақ қызметкерлері арасында тұрақты түрде өткізіледі. Арнайы жасақ полицейлері кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының балаларын өз қамқорлықтарына алғанын еске сала кету қажет. Оларға арнап ойын-сауық шараларын өткізіп, құнды және пайдалы сыйлықтар береді.

"Бүгін біз көмек бергендердің арасында көмекке өте мұқтаж отбасы бар. Отбасындағы төрт баланы анасы жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Балалардың кенжесі сал ауруына шалдыққан. Осындай қайырымдылық шараларын біз қандай да бір мерекені тойлауға қарамастан, кез келген уақытта өткізетінімізді атап өткім келеді", - деп толықтырды подполковник Қамалбеков.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: