Суданда арнайы жасақ елдің тұрақты әскерімен "соғысып" жатыр
Судан астанасының көптеген бөліктерінде атыстың, жарылыстың дыбыстары ауық-ауық естіледі.
Associated Press агенттігі жариялаған ақпаратқа сәйкес, Хартумдағы халықаралық әуежай рейстерді қабылдауды уақытша тоқтатты. SRF өкілдері Хартум мен Мерове қаласындағы әуежайды өз бақылауына алғаны хабарланады. SRF мәліметтері бойынша, армия үлкен шығынға ұшырады. Бұл - Судандағы шиеленісті жағдайдың аясында орын алған қарулы қақтығыс.
ongoing clashes between sudan armed forces and Rapid Support Forces (RSF) in Khartoum streets pic.twitter.com/Zbea06ypDP
— alex (@africaken1) April 15, 2023
Осындай оқыс жағдайға байланысты Судан халықаралық әуежайы рейстерді қабылдауды тоқтатты. Қақтығыстарға байланысты ел астанасы мен Омдурман қаласы арасындағы көпір жабылып, көлік қозғалысы да тоқтатылды.
Алайда, 15 сәуірге қараған түні Судан армиясы Хартумда және басқа да бірнеше қалаларда жедел әрекет ету күштерімен арада орын алған шиеленісті жағдай өздерінің келісімінсіз жүзеге асырылды деп мәлімдеді. Армияның наразылығының себептерінің бірі - Меровадағы әуежайда арнайы жасақ отрядтарын орналастыру.
BREAKING NEWS: A military coup is taking shape in #Sudan soldiers have captured the airport and loud gunfire and smoke have been reported in Sudanese capital Khartoum. pic.twitter.com/tyxLBX5Bpz
— MP🇺🇬 #UOT#Zivuge (@SuunaKing_James) April 15, 2023
Al Jazeera әуежайлардың босатылғанын хабарлады.
Ред: Бұқаралық ақпарат құралдарында әскери төңкеріс әрекеті туралы айтылмайды. Алайда, Twitter-дегі жазбаларында жергілікті адамдар қарулы күштер немесе арнайы күштер елдегі билікті басып алуға тырысуда деп жазады.