Ақтау маңындағы тойға арнайы жасақ сарбаздары шақырылды

Ақтауда тойға арнайы жасақ шақырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2023 10:25 Сурет: видеодан скриншот
Ақтау қаласының маңында 2023 жылдың 30 шілдесіне қараған түні мейрамханалардың бірінің жанында мекемеге келушілер мен полицейлер арасында кикілжің орын алған. Көмекке жедел әрекет етуші арнайы жасақтың жауынгерлері шақырылды. Желіде оқиғаның видеосы пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінен lada.kz сайтына хабарлағандай, кезекші полицейлерге Мұнайлы ауданындағы мейрамханалардың бірінде қыздың көмек сұрап жатқаны туралы қоңырау түскен.

"Осы факті бойынша 22 жастағы жас жігітке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша хаттама толтырылды. Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі

Облыстық ПД Zakon.kz редакциясына оқиға орнына СОБР жауынгерлерінің бір экипажы шақырылғанын хабарлады. Сонымен бірге, департаментте атап өткендей, олардың көмегі қажет болмады.

2023 жылдың шілде айының ортасында Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылында төбелес болды. Әлеуметтік желіде төбелестің видеосы тарап кетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: