Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда арнайы жасақ пәтер тонаушыларды қылмыс үстінде ұстады

Алматы, пәтер ұрысы, ұрлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2022 13:19 Сурет: polisia.kz
Алматыда арнайы жасақ пен криминалдық полиция қызметкерлері бір топ ұрыны ұстады. Пәтер ұрыларынан құлыптар, кілттер, ноутбуктар тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 4 адамнан құралған топ қалада кемінде 5 ұрлық жасаған.

Наурызбай аудандық полиция басқармасының басшысы Данияр Меңдебаевтың айтуынша, қылмыстық төрттікте барлық рөлдер алдын ала бөлінген. Үш орындаушы: біреуі сыртта қарауылдайтын болса, екеуі пәтерге ұрлыққа түскен.

Қылмыс үстінде ұсталғандардың ең үлкені – 53 жастағы Қостанай облысының тумасы,қылмыстық топтың қалған мүшелері – 30 жаста, 34 жаста және 41 жаста. Олар да басқа жақтан келгендер. Қылмыс жасау тізбегі стандартты болды. Олар үйге кіріп, есік қоңырауын басады, егер ешкім ашпаса және есіктің арғы жағы тыныш болса, олар кіреберіс есіктің құлпын ашқан.Наурызбай аудандық полиция басқармасының басшысы Данияр Меңдебаев

Оларда есік құлпын ашуға арналған әртүрлі өлшемдегі басты кілттер, имитаторлар сияқты арнайы құрылғылар болған. Оның бәрі қораптарға салынған.

Күдіктілердің қаланың әртүрлі ауданында жасалған 5 эпизодқа қатысы бар екені анықталды. Соңғы дерек Шұғыла шағын ауданындағы үйлердің бірінде тіркелді.Данияр Меңдебаев

Полиция қызметкері күдіктілер оқиға орнында ұсталғанын атап өтті.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: