Талғар ауданында кісі өлтірген күдікті Шымкентте ұсталды

18 Наурыз 2021, 12:03
Сурет: almaty.tv

Талғар ауданында орын алған адам өліміне қатысты күдіктілерді анықтауға бағытталған жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер 50 жастағы күдіктіні Шымкент қаласынан ұстап, Талғар қаласына жеткізді. Қылмысты ашу үшін кең ауқымды жұмыстар жүргізген тәртіп сақшылары күдіктілердің бой тасалауына жол бермеді, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдікті ретінде 1970 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды. Ол ішімдік ішіп отырғанда туған жанжал барысында танысына пышақ жарақатын салғанын және соның салдырынан қайтыс болғанын мойындады. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамаққа алынды. өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты таратылмайды,- деді Талғар АПБ бастығы полиция полковнигі Жанболат Зиадин.

Тергеу барысында күдікті аса ауыр қылмыс жасағанын түсінген сәтте жазадан жалтару мақсатында оқиға орнынан із суытқан. Дегенмен кәсіби шеберлігі жоғары жедел уәкілдер оны Шымкент қаласынан ұстады.

Сонымен қатар, оқиғаның куәгері болған үшінші адам да қамаққа алынды. Қазіргі уақытта оған қылмысты жасыру дерегі бойынша айып тағылды. Сонымен қатар, күдікті деп танылған өзге мемлекет азаматының елімізге келуінің заңдылығы және немен айналысқаны толыққанды тексерілетін болады,- деп толықтырды полиция полковнигі Жанболат Зиадин.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?