Іле ауданында 47 жастағы кісі үйінен есірткі фабрикасын ашты
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Алматы облысының полицейлері жасырын есірткі зертханасының жолын кесті
Алматы облысы ПД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел ақпарат бойынша Іле ауданының А. есімді тұрғынының есірткі затын шығарып, оны таратумен айналысқанын әшкереледі. Жедел-іздестіру барысында сараптама актілерімен нақтыланған "марихуана" есірткі заты бар 8 сіріңке қорабы тәркіленді, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
"Іле ауданының 47 жастағы азаматы өз үйінің екінші қабатында "марихуана" өсірумен, оны дайындаумен және таратумен айналысқаны анықталды. Есірткі өнімдерін дайындайтын зертханаға жүргізілген санкцияланған тінту кезінде қажетті микроклимат құру мақсатында күн батареяларының көмегімен жылу берілгені белгілі болды. Тәртіп сақшылары жалпы салмағы 26 кг жуық 47 түп өсімдікті, 295 орама және салмағы 8,5 килограмм дайын екі қап "марихуана" тауып, оны тәркіледі. Есірткі өсіру, аса ірі мөлшерде дайындау және сақтау дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 300-бабының 1-бөлігі, 296-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кінәсін мойындаған күдікті уақытша қамаққа алынды", - деп хабарлады Алматы облысы ПД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Қазбек Мұхамедов.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript