Көксу ауданында 1990 жылғы жігіт алаяқтық үшін ұсталды

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2020 23:11 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Алматы облысының полицейлері оңай олжаға кенелуді жақсы көретін алаяқты әшкереледі.

Көксу ауданы Полиция бөліміне 37 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтық дерегі бойынша арызданды. Осы қылмыстық құық бұзушылық дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары тергеу барысында 1990 жылы туған азаматтың бірқатар алаяқтық әрекет жасағанын анықтаған.

Атап айтқанда, 2017 жылдың қазанында зардап шегушіге жер учаскесінің жалған құжаттарын беру арқылы оның қаржысын заңсыз иемденген. Ал, 57 жастағы кейуананың сеніміне кіріп, үйінің құжаттарын жасап беремін деп ірі көлемде ақшасын алып кеткен.

Жоғарыда аталғандардың негізінде, Алматы облысының полицейлері М. деген азаматтың жымысқы әрекеттерінен зардап шеккендер болса, 8 (7283) 84 23 84 и 8-707-242-75-50 телефондарына хабарласуды сұрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: