Алматы облысында зейнетақы жинақтарын шешіп беремін деп тұрғындарды алдаған әйел ұсталды

Алматы облысында зейнетақы жинақтарын шешіп беремін деп тұрғындарды алдаған әйел ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2025 17:27 Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының полицейлері Еңбекшіқазақ ауданы тұрғындарын сан соқтырған алаяқты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Аудандық полиция бөліміне бірнеше ауыл тұрғыны шағымданып, белгісіз әйелдің сенімдеріне кіріп, зейнетақы жинақтарын шешіп беремін деген желеумен қомақты қаржыларын иемденіп кеткенін мәлімдеген.

Күдіктінің жасы – 35-те. Ол жәбірленушілерге зейнетақы қорындағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып беремін деп уәде беріп, артынша байланыссыз кеткен. Қазіргі таңда алаяқтың әрекетінен келген жалпы шығын көлемі бес миллион теңгеден асып отыр.

"Бүгінде 40-тан астам алаяқтық фактісі тіркелді. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті Алматыда ұсталды. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді полиция департаменті.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары қазір күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: