"Қазақтар, ***, помогайте" деп бақырған жігіт полицияның қолына түсті

Алматыда митингке шығуға арандатушылардың қатысуымен тым аздаған, ұсақ-түйек оқиғалар ғана болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының жанында 15-20 адам ғана ұсталды. Қаптаған полиция мен ұлттық гвардия қызметкерлері онсыз да аз халықты тырп еткізбеді.
Бір эпизодта полицейлердің жүргізушіні тоқтатып, соның құжаттарын тексеруге кіріскенін пайдаланған бірнеше адам жүгіріп келіп, шу шығармақ болды.
Кей арандатушылар жиналған жұртты, полицейлер мен журналистерді арандатуға тырысты. Халық пен биліктің жаға жыртысуын түсіру үшін келген журналистер амалсыздан не бар, соны түсірумен болды. Жалпы, журналистердің іші пысты. Репортерлер желіде жария етілген тәртіпсіздіктерді тауып, түсіре қоямыз деп тырысқанымен, одан түк шықпады.
Мына видеода "митингке" шыққан жігіт "мужик болыңдар, көмектесіңдер" деп айғайласа да, оны сүйреп бара жатқан полицияның қолынан жұлып алуға ешкімнің жүрегі дауаламады. Көмексіз қалған бейбақ полицияның автобусымен полицияның абақтысына қарай кете барды.
Назар аударыңыз! Видеода бәйәдеп сөздер бар!