ШҚО-да есірткіге еліткен күйде трактор басқарған жігіт құрықталды

Полиция, Өскемен, тракторшы, есірткі, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2023 11:05 Сурет: Zakon.kz
ШҚО полицейлері есірткіге еліткен күйде тракторды тізгіндеген адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Патрульдеу барысында полицейлер Өскемендегі көшелердің бірінде 27 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы "МТЗ 82" маркалы тракторды тоқтатты.

"Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғандығы анықталды. Алайда, бұл ер адамды тоқтата алмаған және ол қайтадан масаң күйде көлік жүргізген. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. 
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: