Атырау облысы Құрманғазы ауданында әкім ауысты

18 Наурыз 2021, 17:06
Сурет: Атырау облысының әкімдігі

Атырау облысының Құрманғазы ауданына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Президент Әкімшілігі, сондай-ақ аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Құрманғазы ауданының әкімі болып Марат Мурзиевті таныстырды.

Марат Бисенғалиұлы Мурзиев 1981 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін үздік бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы Атырау қаласында табиғат қорғау прокурорының көмекшісі болып бастаған.

2006-2008 жылдары жеке кәсіпорындарда басшылық жасаған.

2009-2010 жылдары Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы әкімінің кеңесшісі, 2010-2011 жылдары білім беру басқармасының бөлім басшысы болған.

2011-2012 жылдары Атырау облысы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі, 2012-2013 жылдары Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2013-2017 жылдары Атырау облысы Тексеру комиссиясының төрағасы, 2017 жылдың наурызынан бері Исатай ауданының әкімі қызметін атқарды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?