Өзбекстанда клубта жартылай жалаңаштанған қыздар түрмеге қамалды

25 Наурыз 2021, 15:16
Сурет: видеодан кадр

Хорезм облысының Үргеніш қалалық соты 23 наурызда жартылай жалаңаш сумаляк пісірген алты қызға қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, әкімшілік іске қатысты сотқа қоғам өкілдері мен журналистер қатысқан.

Сот үш қызды 15 тәулікке қамау жөнінде шешім қабылдады. Қалған үшеуіне 1,22 млн сум (шамамен 100 доллар) айыппұл салынды. Сот олардың баласы бар екенін ескерген.

Еске салайық, Үргеніш қаласындағы "Сахара" түнгі клубының биші қыздары жартылай жалаңаш сумялак мерекелік асын пісірген. 21 наурызда олардың видеосы әлеуметтік желілерде тараған.

Әлеуметтік желі қолданушыларының дені қыздардың бұл әрекетін сынады.

Құқық қорғау органдары видеоға түскен қыздарды тергеуге шақырып, осы оқиғаға қатысты әкімшілік іс қозғаған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?