Жаңалықтар тізбегі
0

Кинотеатрдағы қолданылған шприцтер жұртты шошытты

Алматы, кинотеатр, шприц, есірткі, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2023 13:16 Сурет: Instagram/kris__p__almaty
Алматыдағы кинотеатрлардың біріне көрермендер залдағы еденнен қолданылған шприцтерді тауып алған. Бұл әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын тудырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

21 шілдеде Instagram желісінде Kris P Almaty парақшасында Алматыдағы ең ірі кинотеатрлардың біріне келген адам пайдаланылған шприцтердің дәлізде және орындықтардың астында шашылып жатқанын көрсететін видео жарияланды.

"Мархабат, қараңыз, кинотеатрдағы бірінші қатар. Мұнда не болғаны түсініксіз. Мұнда шприц жатыр... Сұмдық", – дейді әйел.

Жазбада видео Розыбакиев көшесіндегі "Mega Alma-Ata" сауда орталығындағы кинотеатрда түсірілгені нақтыланған.

Әлеуметтік желі қолданушылары шприцті нашақорлар немесе ВИЧ індетін жұқтырған науқастар қолдануы мүмкін деп пікір білдірген:

  • "Міндетті түрде орындықтар мен едендерді дезинфекциялаңыздар! Ал біреу инфекция жұқтырып алса ше?";
  • "Сұмдық, камераны қарап, тәртіп бұзушыларды анықтаңыздар";
  • "Алматыны нашақорлар басып жатыр";
  • "Қараңғыда тамыр көріне ме екен?".

Zakon.kz редакциясы кинотеатр әкімшілігіне хабарласып, оқиғаға қатысты түсініктеме беруін сұрады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: